10 күнде әдетке айналады: Жаңа жылда жетістікке жету үшін қажет 3 дағды

Біз әңгімелегелі отырған үш пайдалы дағды (немесе әдет) сіздің денсаулығыңыз бен байлыңызды арттырады. Ал 31 желтоқсанға дейін оларды үйреніп, өміріңізге енгізуге мүмкіндік бар. Бұл көп нәрсені қажет етпейді, 10 күн жеткілікті.

Желтоқсан айы жылдың ең қарбалас айы деп бекер айтылмаған. Мереке күніне дейін өзімізді ретке келтіреміз, жаңа әдеттер игереміз деген адамға жылдық есеп арасында уақыт табуға болады. Себебі олар сіздің алдағы жылыңыздың тиімді өтуіне іргетас бола алады. 

Уақытты емес, өзіңізді сауатты басқарыңыз

Тайм-менеджменттің атышулы стратегиясы біздің санамызға сіңіп кеткені сонша, кейбір адамдардың осы сөзден басы ауыратынына бәс тігуге болады. Қалай болғанда да, біз сіздің бұл ойыңызбен келісеміз: тайм-менеджмент – бұл миф. Қанша тырыссақ та, тәулігіне 24 сағаттан артық болмайды, сондықтан мұндай жағдайларда басқаруды үйренуге болатыны – тек өзіміз. Бұл жердегі жақсы жаңалық, аталған дағдыны меңгеру қиын емес.
Иә, айналамызда біздің назарымызды қажет ететін мыңдаған жағдайлар болады. Кейде біздің істер тізіміміз ондаған маңызды нәрселерден тұрады, бірақ біз жаңалықтарды оқуға және әлеуметтік желілердегі фотосуреттерді қарауға уақытты жоғалтуды тоқтатуымыз керек.
 
1. Уақытыңызды қайда жұмсайтыныңызды анықтаңыз. Жақында жүргізілген сауалнамаларға сәйкес, жұмысшылардың жартысынан көбі 8 сағаттың күніне 30-дан 60 минутқа дейін «жұмыс істемейтінін» мойындайды. Демек осы уақытты сіз дұрыс пайдалана білуіңіз керек.
2. Артықшылықтарды анықтау. Жаңа жыл қарсаңында сіздің әр минутыңызды санаулы. Сол себепті приоритеттерді анықтап, тізімі жазыңыз.
3. Міндеттерді бөлісу. Сіз қаншалықты өзін-өзі қамтамасыз ететін және тәуелсіз болсаңыз да, кейде басқалардың көмегін қабылдай білу қаншалықты маңызды екенін түсіну керек. Егер сіз көшбасшы болсаңыз, қол астындағыларға өкілеттіктерді сауатты түрде беру арқылы өз кестеңізді босатуға тырысыңыз. Маңызды емес тапсырмаларды өзге жұмысшыларға жүктеңіз.

Анти-эйдж дәрігер Сманова Ұлжалғас:"Салауатты тамақтануға өту оңай емес. Бұл адамның күнделікті жасап үйренген нәрсесінен бас тартып, жаңаны үйрену деген сөз. Ол оңай, жеңіл деген бос сөз. Жаймен жүретін, уақытты қажет ететін дүние. Сол себепті жаңа жылда осындай жақсы әдет қалыптастырғысы келетін адам уақыт оздырмай қазірден бастағаны дұрыс.

Мұны, ең алдымен, мәдениеттен бастау керек. Қарапайым ғана суды отырып асыұпай ішу және ұрттау сынды қадамнан. Мұны тек сәнге ілесу жолында таңдаған адамның қанына сіңуі қиын. Саналы келгендер ғана оның пайдасын ұға тұра дұрыс тамақтануға толыққанды көшеді. Егер адам күнде жеп жүрген тамағының ағзасына тигізер зиянын білсе, ол міндетті түрде одан бас тартар еді. Олардың дұрыс тамақтануға көшпей жүргені де сауатты ақпаратты игермеуінен. Оны ұққан адам өзіне зұлымдық жасамас еді. Ал сау адам бар мақсатына қол жеткізетін күшке ие," -деді.

Дұрыс тамақтану әдеті

Дұрыс диетаны сақтау және тұтынылатын тағамға анализжасау өте маңызды. Әйтпесе, біз денсаулықтан айырылып, онымен бірге санамыз да күңгірттене бастайды. Жаңа жыл қарсаңында бұл одан сайын маңыздырақ болады, өйткені 31 желтоқсанда дұрыс тамақтану туралы ұмытып кетеміз.
Жаңа жылға арналған баяғыдан бері келе жатқан менюден бас тартудың уақыты келген шығар? Оливье тостағанының орнына зиянды емес тағамдардың жетіспеушілігін толтыратын уақыт емес пе?
Жаңа жылға аяқ басардан бір ай бұрын өзіңізбен жұмыс істей бастаңыз, сонда 31 желтоқсанда сіз дұрыс тамақтану әдетін қалыптастырасыз.
Не істеу? Азық-түлікті дұрыс сатып алыңыз. Есіңізде болсын, дүкендегі ең маңызды бөлім көкөністер мен жемістер. Салауатты болу және табиғатқа жақындау үшін «сау» және «табиғи» өнімдер деген маркетингтік жазуға алданбаңыз. Көкөністер мен жемістерді іздеңіз.
Одан кейін дәнді және бұршақ дақылдарын зерттей аласыз. Тек пайдалы өнімдер ғана алыңыз.

Қаржыны бақылауда ұстаңыз

Жаңа жыл қарсаңындағы бұл шеберліктің біз үшін стратегиялық маңызы бар. Мерекенің жақындауы біздің әмиянымыз үшін маңызды сынақтар уақыты. Сондықтан қаржыңызды қазірден ойлауға кеңес береміз.

Жай ғана үстел басына жайбарақат отырып, келесі айдағы барлық кірістер мен шығыстарды талдау керек. Ең алдымен қарыздан құтылу керек. Таныстарыңыздан алынған барлық қаражат қайтарылғанына, салықтардың, коммуналдық төлемдердің төленгеніне көз жеткізіңіз. Бұл сізге алдағы айда өзіңізге және жақын адамдарыңызға арналған сыйлықтарға жұмсауға болатын «нақты» ақшаны анықтауға мүмкіндік береді. 

Достарыңыз бен туыстарыңызға арналған жаңа жылдық тосынсыйлар туралы алдын ала ойлану артық болмас. Импульсивті сауда жасамау үшін барлық идеяларыңызды жазыңыз, сонымен қатар қаңтар айына біраз қаражат үнемдеуді ұмытпаңыз.