Адам бойы жайлы қызықты фактілер

Ұзын, орташа, қысқа — адамдардың бойы әртүрлі болады. Ғалымдарға бойдың бұлай әртүрлі болуына не әсер ететіні және бұл көрсеткіш адам денсаулығы жайлы не айта алатыны әрқашан қызық болды. Адам бойы жайлы сіз естімеген қызықты фактілер ұсынамыз.

Ұзын бой қатерлі ісік қаупін арттырады

Lancet Oncology журналында жарияланған зерттеу бойынша, адамның бойы ұзын болған сайын қатерлі ісіктің даму қаупі жоғары болады. Ғалымдар Ұлыбританиядағы жарты миллион әйелдің медициналық жазбаларына анализ жүргізген. Олар бойы 155 см-ден 176 см-ге дейінгі және одан да ұзын әйелдерді таңдаған. Нәтижесінде, бойы өте ұзын әйелдерде бойы 176 см-ден аспайтын әйелдерге қарағанда қатерлі ісіктің даму қаупі 37 %-ға жоғары екені анықталды.

Зерттеу авторы Джейн Грин былай деп түсіндірді:

Бойы ұзын адамдардың ағзасында жасушалар көп болуы мүмкін, сондықтан олардың қатерлі ісікпен ауырып қалу қаупі жоғары. Немесе бұл бой гормондары деңгейімен байланысты болуы мүмкін.

Сондай-ақ ол бұл статистика тек әйелдерге емес, ерлерге де қатысты екенін айтты. Әрине, тек бой үшін үрейленудің қажеті жоқ, бастысы, денсаулығыңызды күтіп, әдеттеріңізді дұрыстаңыз.

Бой шамамен 40 жастан бастап отыра бастайды

Адамдардың жасы ұлғая келе бойы қысқаратынын байқаған боларсыз. Бұл ағзаның жеке ерекшеліктеріне байланысты шамамен 40 жаста басталуы мүмкін.

Британдық медициналық ғылымдар докторы Джон Уайттың айтуынша, бойдың отыруы егде жаста пайда болатын аурулармен байланысты. Мысалы, остеопороз — сүйектердің әлсіреуіне әкелетін ауру. Нәтижесінде, адамның жағымсыз және ауыртатын белгілерден басқа дене мүсіні де бұзылады. Денсаулықты және бойды сақтау үшін дене мүсінімен, омыртқамен жұмыс істеу керек.

Планетаға ең ұзын адамдар Нидерландыда тұрады

XVIII және XIX ғасырда бойы ұзын тұрғындары бойынша АҚШ бірінші орында тұратын. Америкалық ерлердің орташа бойы — 179 см, ал әйелдердікі — 164 см. Бірақ қазір ең ұзын тұрғындары бар елдер арасындағы лидер — Нидерланды. Мұнда ерлердің орташа бойы — 182 см, ал әйелдердікі — 172 см.

Бой тек генге байланысты емес

Генетика адам бойына әсер ететін жалғыз фактор емес. Ол адамның өмір бойы тұтынатын тамағына, ұйқысына, жасайтын физикалық жаттығуларына және шалдыққан ауруларына байланысты.

Роберд Уодлоу (bigpicture.ru)

Тарихтағы ең ұзын адамның бойы — 272 см

Бұл рекорд АҚШ тұрғыны Роберд Уодлоуға жатады. Ол 1918 жылы дүниеге келді және 4 жасқа дейін бойы орташа статистикалыққа жатты. Ал содан соң оның ағзасында гипофиз ісігі мен акромегалияға байланысты өзгерістер басталды.

Оның ұзын бойы Робертке көптеген ыңғайсыздықтар тудырды. Бірақ оның ата-анасы баласының өмірін барынша жайлы етуге тырысты. Ол қарапайым мектепке барды. Ол үшін арнайы парта жасалды.

Ұзын бой оның аяғын ештеңе сезбейтін және әлсіз етті. Сондықтан ол балдақпен жүретін. Роберт 1940 жылы аяқ сепсисінен қайтыс болды.

Ал қазір әлемдегі ең ұзын адам — Сұлтан Кесен. Ол Түркияда тұрады және оның бойы — 251 см.

Айта кетейік, Атырау облысында алып адам өмір сүреді. Оның есімі — Парасат Нұрғалиев. Алып адамның бойы 2 метр 15 сантиметр болса, салмағы 150 келі, ал аяқ киімінің өлшемі — 56.