Балаңыз білуі керек 20 этикет ережесі

Көп ұзамай балалар балабақшалар мен мектептерге оралады. Сіздің балаңыз басқа балалармен және ересектермен қарым-қатынас жасауға қаншалықты дайын? Мұны ойлап көрдіңіз бе?

Төменде әр балада болуы керек дағдылардың тізімі берілген. Әлемге әйгілі этикет сарапшысы Майк Майер оларды маңызды деп санайды.

— Үнемі «рахмет» және «өтінемін» деген сөздерді аузынан тастамау.

— Ас құралдарын дұрыс пайдалану.

—  Тамақ ішкеннен кейін аузын сүрту үшін майлық қолдану.

— Тамақты аузын жауып жеу.

— Ешқашан ешбір жағдайда үстелде шынтағын қойып отырмау.

— Егер ересек адам біреумен сөйлесіп жатса, оның сөзін бөлмеу. Шыдамдылық танытып, орынсыз қылық жасамау. Егер бірдеңе шынымен қажет болса, әңгімені «Мені кешіріңіз...» деген сөзбен бастау.

— Басқа адамдардың сыртқы келбетін талқыламау. Тек комплимент ғана айту. Жылы сөз ешкімді ренжітпейді.

—  Жалпы, орынды комплимент айтуды үйрену керек.

—  Адамдарға алғыс айтуды ережеге айналдыру керек.

— Әрқашан шынымен мұқтаж адамдарға көмек қолын созу.

—  Өзіңізді және жақын адамдарыңызды дұрыс таныстыра білу.

—  Ым тілін қолдану. Жөнсіз қол сермеп, орынсыз жақындамау.

— Ересек адам рұқсат бермеген болса, оны өз атымен шақыру дұрыс емес. «Болат ағай» деп есімімен атамай, «көрші аға» деген дұрыс.

— Артынан біреу келе жатса, есікті ашық ұстауды ұмытпау.

—  Телефонға жауап бергенде сыпайы болу. «Але» немесе «Бұл кім?» демеу керек. Ол әдетке айналмауы керек.

— Сөйлесу кезінде көзбен байланыс орнатуды үйреніңіз. Әңгімелесушінің көзіне қарау мәдениеттілік белгісі саналады.

—  Біреуге саусағын шошайтпау. Бұл ешкімге ұнамайды.

— Түшкіргенде немесе жөтелгенде аузын жабу. Бұған дағдыланбау – бала тәрбиесіндегі ең айқын қателіктердің бірі.

— Жалғыз қалған адамды қасына шақыру. Бала бір топ досымен ойнап жүргенде, біреудің шетте отырғанын байқап, сезуі керек. Оны топқа қосуға талпынуы тиіс.