7 қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

7 қаланың тұрғындарына ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"14 қарашада Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз ауа райы болады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget