Анджелина Джоли Брэд Питтке қарсы сотта жеңіске жетті

Қазіргі уақытта Лос-Анджелес сотында Голливудтың бір кездері ең сенсациялық және әдемі жұбы болған Анджелина Джоли мен Брэд Питт арасындағы бірнеше сот ісі қаралып жатыр. Істердің бірі Франциядағы Chateau Miraval шарап зауытына қатысты. Әйгілі отбасы үшін бұл сарай махаббат мекені болған. Дәл осы жерде олар 2014 жылы үйленді. 

Брэд Питт 2008 жылы ерлі-зайыптылар Провансаль жүзімдіктерінің арасында орналасқан сарайға көшкеннен бері атақты шарап компаниясының жерін қалпына келтіру және ғимараттарды жөндеу жолында тынымсыз еңбектенген. Алайда, ажырасу басталған кезде Джоли өзінің ірі алкогольдік компаниядағы акцияларын сатып, АҚШ, Франция және Люксембургтегі іскер серіктестеріне қатысты күрделі құқықтық дау туғызған.

Осы айда Лос-Анджелес соты Питтің істе жеңіліске ұшырағанын жариялады. Және Джоли келісімінің заңдылығын мойындады деп шешті. Бред туралы Батыс баспасөзінде: «Кез келген парасатты адам Джоли акциясын сатқан компаниямен серіктес болғанына қуанар еді. Олардың маркетингі бірінші дәрежелі. Оның санасын Джолиге деген өшпенділік жаулап алған», - деген мазмұнда ақпар тарады.