Футболшылар сүйіктілерінің сұлулық құпиялары

Футбол жұлдыздарының сүйіктілері сұлулығын арттыра түсу үшін қандай жаттығулар жасайды?

Изабель Гулар, Кевин Трапптың құрбысы, Германия құрамасы

«Менің спортқа ден қоюыма қандай да бір оқиға әсер етті деп айта алмаймын. Мен Сан-Паулуда дүниеге келдім және бала кезімнен бос уақытымның барлығын жағажайда өткізетінмін, - деді кейіпкер. «Сондықтан сол кезден денемді қалыпта ұстауға дағдыланғанмын». Мектепте көптеген спорт секцияларында ойнаған: жүгірумен, гимнастикамен, волейболмен және футболмен айналысқан. Ол қайталаудан жалықпайтын негізгі фитнес ережесі: «Спортта ақталуға орын жоқ». Ешқандай жағдайда жаттығуды тастауға болмайды.

Сұлулық өнімдері туралы айтатын болсақ, модель міндетті түре дене ылғалдандырғышын пайдаланады. Ол теріге балғындық береді.

Джорджина Родригес, Криштиану Роналдудың құрбысы, Португалия құрамасы

Испаниялық бикеш бала кезінен балетпен айналысады және би сабақтары арқылы дене сымбатын сақтауды жалғастырады. Дегенмен, босанғаннан кейін пішінді тез қалпына келтіру үшін би жеткіліксіз болды, модельге бикрам йога сияқты «ауыр артиллерияны» іске қосуға тура келді.

Джорджинаның көптен бергі құмарының бірі – макияж. Бойжеткен Ким Кардашьян мен Дженнифер Лопеске еліктейді. Рас, балалардың дүниеге келуі модельдің сыртқы келбетіне деген көзқарасын өзгертті – бүгінде планетадағы ең табысты футболшының сүйгені табиғилықты жақсы көреді. Әлеуметтік желілерде әйелдің басты әшекейі денсаулық екенін үнемі айтып отырады.

Антонелла Рокуццо, Лионель Мессидің құрбысы, Аргентина құрамасы

Лео Мессидің махаббаты өте тұйық мінезімен ерекшеленеді. Сұхбат бермейді, баспасөзбен араласпайды. Ол өзі туралы бірдеңе айта қалса да, тек Instagram-дағы жазбалар арқылы ғана. Аргентина құрамасы капитанының жары сұлулығын генетиканың арқасы деп біледі. Десе де жас қосылған сайын жеке жаттықтырушымен аэробика жаттығуларын жасайды. Сондай-ақ, Антонелла бес жыл бойы Барселонадағы үйінде зумбадан сабақ алды.

Бруна Марчесини, Неймардың сүйіктісі, Бразилия құрамасы 

22 жастағы бразилиялық модель және актриса сымбатты жігітіне сай болу үшін спортпен айналысады. Аптасына бес рет кардио және зілтемір жаттығуларын жасайды. Сүйікті спорты – кикбоксинг. Оның күні жасыл смузиден, майсыз бекон қосылған глютенсіз нанмен басталады; түскі асқа – органикалық салат, балық қосылған қоңыр күріш; кешкі асқа көкөніс сорпаын ғана ішеді. Жемістерді тек 16.00-ге дейін ғана жейді.

Шакира, Жерар Пикенің сүйіктісі, Испания құрамасы

Жай ғана «футболшының ғашығы» емес, сонымен қатар әлемдік аренаның супержұлдызы Шакира сұлылығына тамсанбайтын жан жоқ шығар. Ол қазір екі баланың анасы. «Менің сұлулығымның сыры қарапайым», - деп мойындады Шакира сұхбатында. – «Мен өмірімді косметикамен қиындатпауға тырысамын, оның үстіне бұған уақытым да жоқ. Күнде кешке мен бетімді мұқият тазалаймын, С дәруменінің сывороткасын жағамын». Шакираның сөмкесіндегі макияжға арналған нөмірі бірінші сұлулық өнімі – күннен қорғайтын крем, ол оны күні бойы бірнеше рет жағады. Екінші баласы туылғаннан кейін тез қалыпқа келу үшін әнші түрлі әдіс қолданып көрді. «Мен үнемі бір нәрсе істегенді жек көремін! Спорттағы монотондылық өте тез жалықтырады. Мен аралас жаттығуларды ұнатамын: бокс, би және гимнастика».