60 келіден артық салмақ тастаған екі құрбы арықтаудың құпиясын бөлісті

60 келіден артық салмақ тастаған екі құрбы арықтаудың құпиясын бөлісті
Фото: Pichukova Ekaterina / Shutterstock / Fotodom

Ұлыбританияда екі құрбы арықтауға арналған екпелердің көмегінсіз, 1980-жылдары әзірленген қарапайым ретродиетаның арқасында 60 келіден астам салмақ тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

35 жастағы Лорен Найт пен 34 жастағы Эбби Лодж бала кезінен артық салмақтан қиналған. Найттың салмағы 103 келіге дейін жетсе, Лодж шамамен 97 келі тартқан. Екі әйел де бала босанғаннан кейін салмақ тастауға бел буған.

Лорен Найт интернеттен The 1:1 Diet деп аталатын арықтау бағдарламасын тапқан. Бұл бағдарлама бойынша алғашқы кезеңде күнделікті тағам коктейль, ботқа және сорпамен алмастырылады. Ол осы әдісті қолданып көруге шешім қабылдап, жарты жыл бойы талаптарын қатаң сақтаған. Нәтижесінде шамамен 38 келі салмақ тастаған. Кейін оның үлгісін құрбысы Эбби Лодж де қайталап, төрт айда шамамен 25 келіге арықтаған.

Қазір екі әйелдің де салмағы шамамен 65 келі. Олардың айтуынша, бүгінде олар диета ұстамайды және калория санамайды. Найт жасырын түрде шоколад жеу әдетінен арылса, Лодж газдалған сусынның орнына су ішуді әдетке айналдырған.

«Ең үлкен өзгеріс тамақтануда емес, ойлау жүйесінде болды», – дейді Эбби Лодж.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget