55 жастағы түркияның әйел әкесі Дональд Трамп екенін дәлелдеуге тырысып жүр

Түркияның 55 жастағы тұрғыны Неджла Өзмен сот арқылы өзінің әкесі АҚШ президенті Дональд Трамп екенін дәлелдеуге тырысып жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі DHA агенттігіне сілтеме жасап.

Өзмен қыркүйекте Анкараның отбасылық сотына әкелік құқықты (әкелікті) анықтау туралы талап-арыз берген. Оның айтуынша, ресми тізілімдегі жазбаларға сәйкес, оның ата-анасы - Саты және Дурсун Өзмен. Алайда түркиялық әйел өзінің биологиялық анасы София есімді бір америкалық әйел болуы мүмкін деп санайды. Әйелдің мәлімдеуінше, Саты Өзмен өлі бала туған, ал сол ауруханада "Трамптан жүкті" болып босанған София жаңа туған сәбиін Өзмендердің отбасына берген.

Анкара тұрғынының айтуынша, асырап алған анасы Трампты жаңалықтардан көріп, оны нұсқап: "сенің әкең осы" деген.

"Бұл қаншалықты рас екенін білмеймін. Оған кесірім тиіп кетпесе екен деймін. Оның менімен сөйлескенін қалаймын және егер ол келіссе, туыстық байланысты дәлелдеу үшін ДНҚ-тест тапсырғым келеді", - дейді Өзмен.

Әйел АҚШ президенті жақсы әке деп сенетінін және одан бас тартпайтынын жеткізген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз