Kezdesu-дің кезекті қонағы - Самат Жанғазин. Бұған дейін әнші "Қайрат Нұртас әнімді ұрлады" деген видео жариялаған еді. Өнер иесі эксклюзив сұхбатта осы даудың анық-қанығын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Талдықорғанда демалып жатсам, біреулер видеолар жібереді. Қарасам, Қайрат бауырымыз Сәкен Майғазиев ағамыздың тойында "О, махаббат, ғажапсың" деп ән айтып тұр. Қайратқа ұнап жатса, қуаныштымын. Бірақ судың да сұрауы бар ғой дедім. Сөйтсем, оның алдында Дәурен ағама (әннің авторы - еск.) келген екен. Дәурен ағамыз сол кезде "осындай ән бар" деп көрсетіпті. "Аламын деп жатса, Саматпен де келісемін, ақша керек болып тұр" деп түсіндіремін деп ойлаған екен. "Миллион теңге" десе, "түсірмейсің бе?" депті. "Қымбат, миллионға ән алған емеспін, алмаймын" деп кетіп қалыпты. Кейін мен шығардым. Араларында бір әнші бар. Қайратқа менің нұсқамды "сен алмай кеткен әнді күшті шығарған" деп жіберіпті. ...Кейін (осы жағдайды - еск.) stories-ке салып, "хабарласыңыздар" дедім. Ертеңінде күттім. Салтанат деген көмекшісі хабарласты", - деді ол.
Әншінің айтуынша, Қайрат Нұртастың көмекшісімен арада келіспеушілік болып, кейін Қайрат Нұртаспен Мөлдір Мұқан татуластырған.
Оның сөзінше, "О, махаббат, ғажапсың" әнінің авторлық құқығы өзіне тиесілі, рұқсатсыз орындағандар 50 миллион теңге айыппұл арқалауы мүмкін.
"Ән гитарамен шықты. Ақынмен сөзін жазып, әрлеуіне кірісе бастаған кезде авторлық құқыққа барып, тіркеп, құжатын жасатып кеттім. Одан кейін ғана әннің әрлеуі бітті. Сөйтсем, ән шықпай тұрып, екі ай бұрын авторлық құқық жағын істеп қойған екенмін. Сол көмектесті. 50 миллион теңгеге дейін айыппұл салуға болады екен", - деді ол.
Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!