Продюсер Баян Мақсатқызы жуырда 50 жасқа толады. Ол өзінің неге қартаймайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Құдай қаласа, 9 қаңтарда 50 жасқа толамын. Ешқандай құпия жоқ, Менің миым ылғи 25 жаста", - деді ол НТК телеарнасындағы Revuenews бағдарламасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Баян Мақсатқызы "Аяз аға" атты қазақстандық кинодағы тұңғыш жаңажылдық фэнтезиге түсіп жатыр. Ол онда Жалмауыз кемпірдің рөлін сомдайды.
"Неге дәл мен Жалмауыз кемпір болуым керек деп айттым. Маған Жалмауыз кемпір кемпір болмайды, әп-әдемі, қылықты әйел болады деп айтты. "Образ жағынан сізбен Құралай Нұрқаділова жұмыс істейді" деді. Сол атты естіп, бірден "Жалмауыз кемпір" болып түсемін дедім", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!