- Негізгі бет
- LifeStyle
- 50/30/20 ережесі: ақша...
50/30/20 ережесі: ақша үнемдеудің басты құпиясы
Кейде жалақы көтерілуімен біз өзіміз қалаған затты сатып аламыз немесе қалаған жаққа демалуға барамыз деп ойлаймыз. Алайда кірісіңіз артқан сайын шығындарыңыз да артады. Қалаған нәрсеңізге ақша жету үшін кірісті 50/30/20 ережесі бойынша бөлуге болады.
Көпшілік бюджетті жоспарлау үнемі өзін-өзі шектеуге әкеледі, оның орнына ақша санамай-ақ өмір сүрген жақсы деп ойлайды. Алайда жалақы түскен күні ақшаңыздың қайда кетіп қалғанын білмей отыратын болсаңыз, шығындарды есептеу және бақылау маңызды.
50/30/20 ережесі бойынша, отбасы немесе жеке өзіңіздің кірісіңізді 3 категорияға бөлесіз.
50% - "міндетті шығындар" категориясы
Ай сайынғы бюджетіңіздің жартысы міндетті шығындарға кету керек. Оған азық-түлік сатып алу, шоттарды төлеу, ипотека немесе кредит бойынша төлемдер, жалдамалы пәтерге ақша, қоғамдық көлікке қажет қаражат жатады.
30% - "қалау" категориясы
Бюджетіңіздің бұл бөлігін өз қалауларыңызды орындауға жұмсау қажет. Оған кафеге бару, киім сатып алу, хоббиіңізді төлеу жатуы мүмкін.
20% - "жинақ" категориясы
Ай сайынғы кірісіңіздің 20%-ын жинау керек. Алдымен қандай да бір мақсат қойыңыз. Мақсатыңыз болса, ақша жинау оңай болады. Мысалы, ол отбасымен демалысқа бару, пәтерге жөндеу жұмыстарын жасау және т.б болуы мүмкін. Бұл мақсаттарға барлық адам бірдей бір жалақымен жете алмайды. Сондықтан ақша жинап үйрену маңызды.
Ақшаны қалай үнемдеуге болады? 10 кеңес
А. Жапатова