- Негізгі бет
- LifeStyle
- "5 жылда 5...
"5 жылда 5 бауырымнан айырылдым". Ақын Бақыт Беделхан қиын кезеңді қалай жеңгенін айтты
Ақын Бақыт Беделхан Дулат Тастекейге берген сұхбатында өзінің жалғыздық философиясын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақынның айтуынша, әр адам жалғыздықты сезіне білуі керек.
"Жалғыздық - түсіне алған адамға жақсы нәрсе. Жалғыздықты сезінбеген адам, жалғыздықты құрметтеп, жалғыздықпен дос болмаған адам сеніп жүрген досы сатып кеткен кезде сынады. Жалғыздықпен дос болған адам досы немесе бауыры сатып кеткеннің өзінде өзінің "жалғыздығымен" аман қалады. Жалғыздық - кепіл. Жалғыздық құдайға жақындау. Жалпы жер бетіндегі 6-7 миллиард адам болсақ, бәрімізді бір-бірімізге ұқсатпай жаратты ғой. Және олардың әрқайсысы - жалғыз. Мазмұн ретінде жалғыздықты сезіну - жігер мен күш. Адам жалғыздықты сезіну керек", - дейді ол.
Бақыт Беделхан бауырларынан айырылған кезде қиын кезеңнен сол "жалғыздығының" арқасында өткенін айтты.
"Мен 5 жылда 5 бауырымнан айырылдым. Біз үйде 12 бауыр болсақ та, мен өзімнің "жалғыздығымның" арқасында жеңіп келе жатырмын. "Мен бәрін көтеруім керек", "Әр адам жалғыз" деп өз-өзіме күш беріп келдім", - дейді ақын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова