45–65 жаста ажырасқан әйелдердің өмірі қалай өзгерген? Сауалнама

Ұлыбританиялық әлеуметтанушылар 45–65 жас аралықтағы әйелдердің ажырасудан кейінгі өміріне қатысты сауалнама жүргізген. Survation компаниясы жүргізген сауалнама нәтижелерін The Guardian басылымы жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ажырасқан әйелдердің үштен бірі қазір өте бақытты екенін айтқан. Олар ұзақ уақыттан кейін ғана өздерін еркін сезінген. 

"Басқа әйелдер ажырасқаннан кейін қайта гүлденіп, шынайы қалпыма қайта оралғаным керемет тәжірибе болғанын білсе екен деймін. Қазір мен әлдеқайда бақыттымын", - дейді 55 жастағы Пэт.

Сонымен қатар The Guardian ерлер де қатысқан басқа бір зерттеудің деректерін келтіреді. Ол сауалнамада некесі бұзылғаннан кейін әйелдер көбіне еркіндік және қуаныш сезінетінін, ал ер адамдар керісінше, депрессияға түсетінін келтірген. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!