40 келі артық салмақ тастаған блогер ерекше диетасын жариялады

40 келі артық салмақ тастаған блогер ерекше диетасын жариялады
Фото: depositphotos.com

Бразилиялық фитнес-блогер Артур Урсу 40 келіге қалай арықтағанын айтып, өзінің ерекше диетасын жария етті. Бұл туралы Terra басылымы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Урсудың айтуынша, бұған дейін оның салмағы 125 келі болған және өз дене бітіміне көңілі толмаған. Бразилиялық ұзақ уақыт оқшау өмір сүрген. Алайда мәжбүрлі жалғыздықтан шаршаған соң, ол арықтауға бел буған. Ол үшін көпшілікті таңғалдырған ерекше диета таңдаған. Осы шешімі үшін ол қоғам тарапынан көп сынға да ұшыраған.

Ер адамның сөзінше, салмақ тастау кезінде ол тек шикі етпен қоректенген.

"Көп адам етке негізделген диетаны каннибализммен шатастырып, шошып жатады. Мен бұл туралы айтқанда, реакция бірден байқалады. Бұл ең кең таралған тәсіл емес екенін және түрлі сұрақ тудыратынын білемін. Бірақ дәл осы әдіс менің арықтау процесімде нәтиже берді", – деді Урсу.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget