Қазгидромет 24, 25, 26 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көктайғақ, тұман
Ел аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыстан келген суық антициклон әсер етеді. Соның салдарынан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.
Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр) болжанып отыр. Сондай-ақ, жел күшейіп, көктайғақ болып, тұман түседі.
Ауа температурасы
Түнде батыс облыстарда 15-25 градус аяз болады. Солтүстік және орталық өңірлерде 28-37 градусқа дейін төмендейді, шығыста 32-40 градус аяз болжанып отыр. Ал оңтүстік облыстарда ауа температурасы 0-10 градус аяз шамасында болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова