Танымал әнші Алтынай Жорабаева қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты пікір білдіріп, өз оқиғасын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, 2016 жылы қыздарын алып, Астанаға қашқан.
"Ер адам Алланың тиымдарының шеңберінен шыққан күні әйелінен мінез шығады". Осы постты 2015 жылы 1 қазанда салған екенмін. Шегіне жетіп, жарылайын деп жүрген кезім ғой. Содан 2016 жыл 11 қаңтарда Астанаға қаштым ғой 4 қызымды алып", - дейді әнші.
Алтынай Жорабаева заң жүзінде бұл мәселені қатаңдату керегін, сонымен қатар, отбасында ұлға да дұрыс тәрбие беру қажет екенін айтты.
"Бізде билікте отырып заң қабылдайтындар еркектер болған соң бүкіл заң еркекке ыңғайлы жасалған! Ащы болса да шындық! Айналадағы болып жатқан жайттардың шешімдерін қарап-ақ түсіне бересің! Сол себепті құрметті ата-аналар, қызды "ер азаматыңды сыйла" деп тәрбиелегендей, ұлдарыңызды да "қыз баланы сыйла, қорға, ол - Алланың аманаты" деп тәрбиелеңіздерші, иә! Әсіресе, біздің оңтүстік жақ. Сонда ғана отбасында, қоғамда тыныш өмір болады", - дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. Кейін ол ұсталғаны расталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!