37 градусқа дейін аяз: демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңбыр, қар жауады

Еліміздің басым бөлігінде циклон әсерінен жауын-шашын болжанып отыр. Солтүстік, шығыс өңірлерде қар, оңтүстік облыстарда жаңбыр жауады. Сондай-ақ, жел күшейіп, боран соғады. Көктайғақ болып, тұман түседі.

Ауа температурасы төмендейді

Циклоннан кейін Батыс Сібір жазығы аудандарынан антициклон батыс өңірлерге ығысады. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.

Түнде батыс облыстарда ауа температурасы 10-22 градус аязға дейін, солтүстік облыстарда 17-25 градус аязға дейін, ал оңтүстік облыстарда 0-8 градус аязға дейін төмендейді.

23 ақпаннан бастап солтүстік-батыста, 24 ақпаннан бастап солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде ауа температурасы күрт төмендейді. Кей жерлерде 25-37 градусқа дейін аяз болады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!