Ақпанда Enbek.kz электрон еңбек биржасында жұмыс берушілер 99 мың бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер 124,9 мың түйіндеме жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, ақпанда жұмыс берушілер мына мамандықтарға ең жоғары жалақы ұсынған:
- мұнай және газ кен орындарын игеру жөніндегі инженер-әзірлеуші - шамамен 3,6 миллион теңге;
- құрылыс саласындағы жобаның бас технологы - 2,8 миллион теңге;
- материалтану технигі - 2,2 миллион теңге.
Жұмыс іздеушілер бойынша мына мамандық иелері жоғары жалақы сұраған:
- ұшқыштар - шамамен 3,3 миллион теңге;
- инвестициялық жобалар жөніндегі директорлар - 2,1 миллион теңге;
- оқу курстарын әзірлеушілер - 2 миллион теңге.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова