- Негізгі бет
- LifeStyle
- “3,5 миллионға ажырасып...
“3,5 миллионға ажырасып кеткенбіз“. Мереке Қалбаева күйеуінен қарызын жасырғанын мойындады
Жайдарманшы, блогер Мереке Қалбаева күйеуінен жасырған құпиясы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы Жанерке Сейфуллинаға берген сұхбатында айтты.
"100 миллион қарыздан 4 айда құтылып тастадым, Аллаға шүкір! Қалғанын да жаба аламын. Бірақ жасырып шаршап кеттім. Мені қинағаны - Арсенге айта алмай жүргенім. Кейін ол да білді. Қайырлысы… Үлгілі отбасы едік, әрі қарай да солай болайық деп дұға жасап қойыңыздар”, - деді Мереке Қалбаева ағынан жарылып.
Әйелінің күйеуінен қарызын жасырып жүруіне бұрын бір рет ақша үшін ажырасып, қайта қосылғаны себеп болыпты.
"Әрдайым істеп жатқан нәрселерімді Арсеннің білмегені маған қатты бататын еді. Негізі Арсен мені тастап кетпейді ғой. Құдай сақтасын, ажырасып та кетпейміз. Бірақ біз кезінде 3,5 миллионға бола ажырасып кеткен адамбыз. Ажырасып, қайта қосылдық… Қазір не болатынын да елестете алмаймын", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева