Ұлыбританиялық дәрігер Әмір Хан 35 жастан кейін денсаулықты сақтаудың бес тиімді әрі тегін тәсілін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап.
Ханның айтуынша, ұзақ өмір сүрудің басты қағидасы – таңертең серуендеуді әдетке айналдыру. Оның сөзінше, күн сәулесі циркад ырғағының дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі, кортизол деңгейін төмендетеді, қуат береді және тәбет пен тоқ жүруге жауапты гормондардың деңгейін тұрақтандырады.
Дәрігер айтқан екінші тегін пайдалы тәсіл жасушаларды оттегімен жақсырақ қамтамасыз етуге бағытталған. Маманның түсіндіруінше, жасы ұлғайған сайын ағза оттегіні бұрынғыдай тиімді пайдалана бермейді, сол себепті тіндер осы маңызды ресурсты толық ала алмай қалуы мүмкін. Мұны жоғары қарқынды қысқа жаттығулармен түзетуге болады. Ханның айтуынша, 35 жастан асқандарға спортзалға барып, әбден шаршап жаттығудың қажеті жоқ, күні бойы бір-екі рет баспалдақпен жоғары жүгіріп шығудың немесе төбеге қарай жылдам көтерілуінің өзі жеткілікті.
"Маңыздысы – 20–40 секунд бойы жүрегіңіздің белсенді жұмыс істегенін сезіну", – деп кеңес берді дәрігер.
Бұдан бөлек, Хан 35 жастан кейін мезгіл-мезгіл артериялық қан қысымын өлшеп тұруды және буындар мен сүйектердің саулығын сақтау үшін физикалық белсенділікті арттыруды ұсынды.
"Тісіңізді бір аяқпен тұрып жуды әдетке айналдырыңыз. Бұл қарапайым жаттығу қартайғанда тепе-теңдікті жақсы ұстауға көмектеседі", – деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz