Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева жантүршігерлік жайтты айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында әңгімеледі.
"Кафеде әйелдердің дәретханасына кірген кезде кішкентай есік бар. Ол ылғи жабық тұрады. Бірақ ашылып қала береді. Шаруашылықты жасайтын ағай бар еді, сол кісіге "мынаны клейге ме, шегеге ме отырғыза салыңызшы" дедім. Ішінде қоқыс жоқ па деп телефон жарығын жағып қалғанда, оралған қағаз табамыз. Ашып қарасақ, менің, ұлдардың суреті. Менің жүрегіме, ұлдардың жүрегіне ине қадалған. Асқазан, қуық жағына ине қадалған... Ондайды тек кинодан көргенмін. Кейін іздей бастадық. Айнаның артынан, құбырдан - әр жерден түрлі сурет таптық. Осы уақыта дейін 300-ге жуық сурет, ине, түйреуіш, топырақ, қан, сасып кеткен шаш - түрін таптық", - деді өнер иесі.
Желі қолданушылары бұл жайтқа таңданысын жасырмаған: "Шынымен солай жасайтын адамдар бола ма екен?", "Құдайдан қорықпағаннан қорық деген осы ғой", "Алла сақтасын!"
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!