30 градусқа дейін аяз: алда тағы да күн суытады

30 градусқа дейін аяз: алда тағы да күн суытады
Фото: Tengrinews.kz

Қазгидромет 10, 11, 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қатты жауын-шашын жауады

Қазақстан аумағының басым бөлігінде батыс циклонына байланысты жауын-шашын жауады. 10-11 ақпанда солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта, 11 ақпанда шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр.

Республика бойынша көктайғақ болып, боран соғып, жел күшейеді.

Ауа температурасы

12 ақпанға қарай жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді:

  • Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта түнде ауа температурасы 22-30 градус аязға дейін, күндіз 15-20 градус аязға дейін төмендейді.
  • Шығыста түнде 13-23 градус аяз, күндіз 12-20 градус аяз болады.
  • Оңтүстікте түнде 10-20 градус аяз болады, күндіз 5 градус аяздан 5 градус жылыға дейін ауытқиды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget