Танымал әнші, "МузАрт" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев Желідегі парақшасында жұбайының сырқаттанып қалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, жұбайы 3 тәулік бойы ауырып, үйде жатқан.
"Жүрегімнің ішіндегі жүрегім 3 тәулік бойы ауырып... Таза ауа жұтқызып, кофе әперіп, концертке қинап апармасам жата бермекші. Қалған қызықтар бір күндік тарихта", - деп жазған әнші.
Айта кетейік, бұған дейін танымал әнші Сәкен Майғазиев Түркістан облысында жол апатына ұшырағаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жүкті кезде қандай музыка тыңдау керек?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!