Блогер әлеуметтік желіде құмар ойындарға тәуелді адамның қарыздарын көрсетіп, зардаптарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life сайтына сілтеме жасап.
"Қазір оның 90 миллион теңге қарызы бар" деп басталатын видео бір миллионнан астам қаралым жинаған. Блогер, бұрынғы құмар ойыншы Ерік Жанділда әлеуметтік желі арқылы құмар ойындарға тәуелділіктен қанша миллион қарыз болатынын көрсетті. Әлеуметтік желіге жүктелген видеоға оқырмандар пікір жаза бастаған.
Видеоның авторы – 29 жастағы Ерік Жанділда. Видеода көрсетілген банктегі несие мен 90 миллион теңге қарыз көмек сұраған ойыншыға тиесілі.
"Бір жылда ол 36 миллион теңге жоғалтты. Ойыншы күн сайын түскен ақшаны жұмсаған. Бірақ 36 миллион тек бір банктегі қарызы, бұдан басқа да несиелері бар. Жалпы, бұл адамның 90 миллион қарызы бар", - деді Ерік.
@eravais2♬ оригинальный звук - Eravais
Еріктің айтуынша, мұндай сомалар түк емес, адамдар құмар ойындарда жүздеген миллион теңге жоғалтады. Ол бізге Астананың 43 жастағы тұрғыны 600 миллион теңгеге қалай ұтылғанын айтып берді.
"Бірде маған ойыншының әйелі келді. Ол 600 миллион теңгесінен және үш көлігі мен екі пәтерінен айырылған. Туыстары мен достарына өтірік айтып, соңында отбасы оны тастап кеткен. Ол алаяқтық жасағаны үшін үш жыл түрмеде отырды. Оңалту орталығына барғанымен, бірақ бұл нәтиже бермеген.
Лудомания - бұл алкоголизм мен нашақорлықтан бірнеше есе ауыр тәуелділік. Оның қаншалықты күрделі екенін ойыншыға қарап бағалай алмайсыз. Бұл өз отбасына және жақындарына үлкен зиян келтіретін өтірікшілер", - деді Ерік.
Ерік өзінің бұрын құмар ойынға тәуелді болғанын жасырмады. Ол 11 жасынан бастап букмекерлік кеңселерге ақша тіге бастаған, жақын досы оны "осында ақшаны жақсы табуға болады" деген сөзбен сендірген.
"Сол сәт есімде жоқ, бірақ мен ақша тіккен кезімде 11-12 жаста едім. Қысқа мерзім ішінде өзімнің алғашқы 60 000 теңгемді ұтып алдым. Содан кейін мен қазір оданда көп ақша табамын деп ойладым. Сосын ойладым мен неге жұмыс істеуім керек? Мен үйде отырып, ақша таба аламын. Бала кезімнен мен спортты жақсы көрдім, сондықтан ақша тігуде басқалардан жақсырақ білемін деп ойладым.
Нәтижесінде 25 жасымда менің 10 миллион теңге қарызға кіріп кеттім. Мен достарымның, жақындарымның сенімінен айырылдым. Телефондарында "Ерік қарыз", "Ерік олимп" және "Ерік құмар ойыншы" деп сақтап қойған. Мен қарыз алып ғана қоймай, миллиондаған соманы ұрлайтын кездер болған. Мен ойнап ұтамын деген оймен анама пәтерді сатуға үгіттегем", - деді блогер Ерік.
Еріктің айтуынша, тұрақты күйзеліс пен өтірік психология адамды қатты шаршатады. Ешқашан құмар ойыншының қарызын жауып беруге болмайды. Өйткені ол оны жауапкершіліктен алыстатады.
"Ең үлкен қателік – құмар ойыншының қарызын жабу. Құмар ойынға кірген адам өз қарызын өзі жабуы керек. Құмар ойынға кіру оның таңдауы, туыстарының қалауы емес. Бізде қай кезде болмасын ата-ана балаларының мәселесін жиі шешіп береді. Олар жауапкершілікті жүктеп ғана қоймай, бақылап отырады. Оны проблемамен жалғыз қалдырмайды. Оны психолог пен оңалту орталығына апарудан басқа амал жоқ", - деді Ерік.
Мойындау - сауығудың алғашқы қадамы. Құмар ойыншы өзінің тәуелді екенін түсініп, қабылдауы керек. Лудоман өмірінде қанша нәрсені жіберіп алғанын шынымен түсінген кезде, бәлкім ойынын тоқтатады.
"Тәуелді адам казино мен кеңселерді жеңу мүмкін емес екенін түсінген кезде ғана ойынды тастай алады. Жүйе ешқандай пайда әкелмейтіндей етіп ұйымдастырылған, бұл ақша табудың тәсілі емес, ол - қақпан", – деді Ерік.
Екінші кезең – стационарлық емдеу. Эриктің айтуынша, көптеген ойыншылар психотерапевт пен дәрі-дәрмекке мұқтаж.
"Біреу бір әңгімеден кейін бұл мүмкін емес екенін түсінуі мүмкін. Біреу үшін топтық терапия және оңалту орталығы көбірек қажет. Бірақ ең бастысы, тәуелділік пен қорқыныштан арылуға деген жеке ұмтылыс болуы керек. Осы жағдайлар құмар ойынға тәуелді адамның өмірінде болып жатыр", - деді Ерік.
Бүгінде Ерік төрт жыл бойы емделу үстінде. Осы уақыт ішінде қарызын өтеп, үйленіп, әйелімен бірге болашақ қызын күтіп жүр.
"Өзің қалаған өмірді бастау ешқашан кеш емес", - деді Ерік.
Еске сала кетейік, осыған дейін қалың малды қайтарып алуға қатысты заңгер кеңесін хабарлаған едік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!