Мыңдаған қазақстандық жұп тойға бір күнді, яғни 26 маусымды таңдаған. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өкілдері қай қалаларда той көп болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
26 маусымда неке қиюға өтініш қабылдау 11 маусымда аяқталып қалған.
"Сандардың ерекше үйлесімі бар күндер сұранысқа ие. Осы жолы белсенділік танытқан - Алматы қаласы, мұнда 830 өтініш тіркелді, Астана тұрғындарынан 740 өтініш түсті. Ал Шымкент қаласында өтініш саны 141-ге жетті", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, биыл тағы мынадай ерекше күндер бар:
- 26.07.2026 (жексенбі);
- 06.08.2026 (бейсенбі);
- 26.08.2026 (сәрсенбі);
- 26.09.2026 (сенбі);
- 06.10.2026 (сейсенбі);
- 26.10.2026 (дүйсенбі);
- 06.11.2026 (жұма);
- 26.11.2026 (бейсенбі);
- 26.12.2026 (сенбі).
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова