25 минуттық Pomodoro: Көпшілік қолданатын әдістің құпиясы

25 минуттық Pomodoro: Көпшілік қолданатын әдістің құпиясы
Фото: depositphotos.com

Жұмыс істеп отырып тез шаршап қаласыз ба? Ой шашыраңқы болып, бір тапсырманы соңына дейін орындай алмайсыз ба? Мұндайда Pomodoro техникасы көмектесе алады. Бұл – бүкіл әлемде танымал әрі оңай қолданылатын өнімділік әдісі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Pomodoro деген не?
Pomodoro – итальян тілінен аударғанда "қызанақ" деген сөз. Бұл әдісті 1980-жылдары Франческо Чирилло есімді студент ойлап тапқан. Ол оқу кезінде ас үйдегі қызанақ формасындағы таймерді қолданып, 25 минут жұмыс істеп, 5 минут демалып отырған. Осылайша ол уақытты бөліп, зейінін жоғалтпай жұмыс істей алған.


Pomodoro әдісі қалай жұмыс істейді?
Тапсырма таңдаңыз
– бір нақты іспен шұғылданыңыз.
Таймерді 25 минутқа қойыңыз
– бұл бір "помодоро" кезеңі.
Сол уақыт ішінде тек бір іске назар аударыңыз
– ешқандай телефон, әлеуметтік желі, сөйлесу болмайды.
25 минут өткен соң – 5 минут үзіліс жасаңыз
– серуендеңіз, көзге жаттығу жасаңыз, су ішіңіз.
4 "помодоро" аяқталған соң – 15-30 минут демалыс алыңыз
– миға толық демалыс беріп, қайта күш жинайсыз.

Неліктен бұл әдіс бәріне ұнайды?

  • Зейін қоюды үйретеді. Тек 25 минутқа назар аудару әлдеқайда оңай. Ми ұзаққа емес, қысқа мерзімге шоғырланғанды жақсы көреді.
  • Жұмысты кідіріссіз бастауға көмектеседі."25-ақ минут қой" деген ой тапсырманы кейінге қалдырмауға итермелейді.
  • Уақытты тиімді пайдалануға үйретеді. Күн ішінде қанша "помодоро" жасадыңыз – сол бойынша өзіңіздің өнімділігіңізді бақылауға болады.
  • Шаршауды азайтады. Қысқа үзілістер денеге де, миға да демалыс береді. Бұл күйзелістің алдын алады.

Қайда және қалай қолдануға болады?

  • Оқу кезінде – ұзақ материалды бөліп меңгеруге ыңғайлы
  • Фриланс, офистік жұмыс – нақты тапсырмалармен жұмыс істеуге пайдалы
  • Үй шаруасында – үй жинау, есеп жасау, т.б.
  • Креативті жұмыстарда – жазу, сурет салу, видео монтаж.

Қандай құралдармен қолдануға болады?

Физикалық таймер – қарапайым сағат немесе ас үй таймері. Pomodoro – қарапайым, бірақ өте нәтижелі әдіс. Ол сіздің уақытыңызды басқаруға, өзіңізді жақсы сезінуге және бір күн ішінде көп іс тындыруға көмектеседі. 25 минут – үлкен табыстың кілті болуы мүмкін.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget