Kezdesu-дің кезекті қонағы - нумеролог Аяна Ғабдуллина. Сарапшы сұхбат барысында келер жыл кімдер үшін сәтті болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аяна Ғабдуллинаның сөзінше, 2026 жыл әр айдың 1-і, 10-ы, 19-ы, 28-і дүниеге келгендер үшін ең сәтті жыл болуы мүмкін.
"Жылда өзгеріп тұрады. Қазір ақпараттың бір пайызын ғана айтып отырмын. Әрбір адам жеке саналады. Көрерменге айтайын, сандар сандырақтауы да мүмкін. Ешкім 100 пайыз кепіл бермейді. Сену-сенбеуді өзіңізге қалдырамыз. Бірақ бағыт-бағдар ретінде өзіңіз туралы ақпарат артық болмайды деп ойлаймын", - деді ол.
Сонымен қатар, сарапшының пікірінше, бір жалақыға күнін көріп отырған адамдар Жаңа жылда өз ісін бастағаны немесе маман ретінде өзін дәлелдегені жөн.
Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!