Диетолог Дурвал Рибас Фильо 2026 жылы деніңіз сау болу үшін алты әдет қалыптастыру қажет екенін айтты. Ол бұл әдеттерді Terra басылымына берген сұхбатында тізіп өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Біріншіден, Фильо тамақтану режимін түбегейлі қайта қарауға шақырды. Атап айтқанда, ультраөңделген өнімдерден бас тартып, олардың орнына жеміс-жидек, көкөніс, бұршақ тұқымдастар, тұтас дәнді дақылдар, майы аз ет және жаңғақты көбірек тұтыну керек. Екіншіден, үйренуге тиіс әдет - мәзірді алдын ала жоспарлау. Дәрігердің түсіндіруінше, бұл тез дайындалатын, бірақ қоректік заттарға жұтаң тағамдарды тұтынуды азайтуға көмектеседі.
Үшіншіден, дәрігер көп су ішуге кеңес берді, өйткені су ас қорытуға, зейін қоюға, тері күйіне, тіпті көңіл күйге де оң әсер етеді. Сонымен қатар, физикалық та, психикалық та жағдайды жақсарту үшін көбірек қозғалу қажет. Соңғы екі әдет ретінде Фильо қант тұтынуды қысқартуды және дұрыс тамақтану туралы сенімді ақпарат көздерін оқуды атады. Олар рационды дұрыс құрастыруға көмектеседі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz