2026 жылы Қазақстанда стипендия мөлшері өсе ме?

2026 жылы Қазақстанда стипендия мөлшері өсе ме?
Фото: depositphotos.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда студенттер, магистранттар мен докторанттарға арналған стипендия мөлшері қалай өзгеретінін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет қаулысына сәйкес стипендия мөлшері мынадай болады:

  • бакалавриат студенттеріне - 52 372 теңге;
  • педагогикалық мамандықтар бойынша оқитындарға - 84 000 теңге;
  • магистранттарға - 117 098 теңге;
  • докторанттарға - 262 500 теңге.

Сонымен қатар, көру және есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар тұлғаларға негізгі сомадан 75 пайызға көп төленеді.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер, магистранттар стипендияны 30 пайызға жоғары мөлшерде алады.

Оқу үздіктеріне арналған үстемақы - 15 пайыз.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget