2026 жылы Қазақстанда қандай әлемдік әртістердің концерті өтеді?

2026 жылы Қазақстанда әлемдік жұлдыздардың концерті өтеді. Бұл туралы Kazakh Tourism басқарма төрағасы Талғат Ғазизов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Талғат Ғазизовтің айтуынша, алғашқы концерт мамырда өтеді.

Орындаушылар қатарында Tyga, Timbaland, Николь Шерзингер, Keri Hilson, Flo Rida, Busta Rhymes және басқа да әлемдік деңгейдегі әртістер аталды.

Ол жыл соңына дейін елімізде халықаралық орындаушылардың кемінде бес концертін өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстанда J Lo, Backstreet Boys сияқты әлемдік жұлдыздардың концерттері өтті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!