2025 жылы студенттер үшін қандай өзгеріс болмақ?

2025 жылы университет және колледж студенттері үшін стипендия 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап стипендия былай өзгереді:

  • бакалавриат студенттеріне стипендия 52 372 теңгеге дейін,
  • ал педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға 84 000 теңгеге дейін,
  • магистранттарға 117 098 теңгеге,
  • докторанттарға 262 500 теңгеге дейін өседі.

Студенттердің кейбір санаттары үшін стипендияға үстемеақы белгіленді. Оларға мына студенттер құқылы:

  • Жоғары немесе кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алатын көру және есту қабілеті бұзылған адамдарға бакалавриат студенттеріне - 94 651 теңге,
  • магистранттарға - 204 921 теңге,
  • докторанттарға - 459 375 теңге үстемеақы белгіленді.

Еске салайық, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2028-2029 оқу жылына дейін стипендия 100 пайыз өсетінін айтты. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!