2025-2026 оқу жылында оқушылар қалай демалады?

2025-2026 оқу жылында оқушылар қалай демалады?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Оқу-ағарту министрлігі 2025-2026 оқу жылы басталатын, аяқталатын мерзімді, сондай-ақ, каникул кезеңдерін нақтылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқу 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.

  • Бірінші тоқсанда оқу уақыты - 8 апта. Күзгі каникул 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.
  • Екінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда 10 күнге жалғасады.
  • Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 2026 жылғы 9 ақпаннан басталып, 15 ақпанды қоса алғанда 7 күнге созылады.
  • Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Көктемгі каникул 2026 жылғы 19 наурызда басталып, 29 наурызды қоса алғанда 11 күнге созылады.
  • Төртінші тоқсанның ұзақтығы - 8 оқу аптасы, оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget