“20 жыл бірге тұрып, екі жаққа кеттік“. Жанар Айжанова алғаш рет екінші жұбайы туралы айтты

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актриса Жанар Айжанова "Мамский әңгіме" арнасына берген сұхбатында жеке өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші сұхбат барысында ешбір жерде айтпаған жан сырын ақтарған.

"Екінші тұрмыста табаны күректей 20 жыл тұрдым. Бірақ Айжұлдыз тұрмысқа шыққаннан кейін екі жаққа кеттік. Өзім де алдында солай ойлап жүргенмін. Арамызда бала болмады. Ол - біреудің баласы. Біз бала болса да, болмаса да, әйелден көреміз ғой. Обалына қалмайын деп бір күнде шешіп, екі жаққа кеттік. Ол бұрын үйленбеген. 20 жыл бірге тұрдық. Бала болған жоқ. Барлығы менен көреді. Көрсе көре берсін. Ол кісі балалы болса екен деп тілеймін. Әлі тілеп жүрмін", - деді әнші.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!