Елімізде 10 тамызда Абай күні атап өтіледі. Осыған орай Ұлттық статистика бюросы ұлы ақынның есіміне қатысты қызық статистика жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгінде Қазақстанда Абай есімді 18 961 адам тұрады. Бұл есім ең көп таралған өңірлер - Астана қаласы (2 186 адам), Түркістан облысы (2 008 адам) және Алматы қаласы (1 740 адам).
Абай есімді адамдар арасындағы ең үлкені 1932 жылы туған. Бұл есімді иеленгендер арасында 30-34 жас аралығындағы азаматтар саны басым: 3 267 адам.
Абай есімі жаңа туған сәбилерге де жиі қойылады. Биыл алғашқы жартыжылдықта 91 балаға осы есім берілген.
Қазақстанда Абай есімді 9 әйел тіркелген. Сонымен қатар, Ибраһим, Ибрагим және Ибрахим есімдерін иеленген 37 844 адам бар.
Ұлы ақынның есімі еліміздің географиялық атауларында да кең көрініс тапқан. Қазір Абай есімімен 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауыл аталады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!