- Негізгі бет
- LifeStyle
- 17 жыл бойы...
17 жыл бойы туған ағасында құлдықта болған апалы-сіңлі алғаш рет сұлулық салонына барды
Түркістан облысында 1991 жылғы Назгүл мен 1996 жылғы Құндызды туған ағасы 17 жыл бойы еңбек құлдығына жеккен. Назгүл бен Құндыздың жантүршігерлік оқиғасы "Көреміз" бағдарламасында айтылды. Бағдарлама жүргізушісі қыздардың қазіргі жағдайы туралы бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қыздардың бірінің жасы 32-де, енді бірінің жасы 27-де. Ал қыздардың немере ағасы Cәулебек Әбілдаев былтырдан бері ресми түрде қамқоршы болған. Оның сөзінше, қыздарда анықталған туберкулез балаларына жұға ма деген қорқыныштан оларды оқшаулаған.
17 жыл ішінде қыздар адам танымастай өзгеріп кеткен, оларды тіпті сыныптастары танымай қалған.
Бағдарлама жүргізушісі Руслан Өтепбай Instagram-парақшасында қыздардың суретін жариялап, апалы-сіңлі қыздар Алматыда емделетінін айтты.
"Назгүл мен Құндызды таныдыңыздар ма? Аллаға шүкір, қыздар күн өткен сайын сұлуланып барады. Салон түгілі шашын тарауға мұршасы болмаған қыздар қазір қауіпсіз ортада бейғам күн кешіп жатыр. Алдағы уақытта Алматы қаласындағы жеке клиникада ем-дом шараларын жүргіземіз. Қыздардың ағасы мен жеңгесіне қатысты тергеу ісі басталды", - деп жазды ол.
Еске салайық, Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болғаны хабарланған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары "Көреміз" бағдарламасына айтқан.
Кейін қыздардың өмірі туралы жаңа дерек айтылды.
Тағы да оқи отырыңыз: Сөз арасындағы кідірістің қандай түрлері бар?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек