14 наурыз - Көрісу күні. Көрісу - өкпе-ренішті артқа тастап, кішілер үлкендерге ізет көрсететін, бір-бірін көктем келгеніне орай құттықтайтын айтулы уақыт, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көрісу күні туралы не белгілі?
14 наурызда еліміздің батыс өңірі Наурыз мейрамының басы - Көрісу мерекесін атап өтеді. Бұл күнді "Амал мерекесі" деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеммен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады.
Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді. Кейінгі жылдары бұл мереке тек батыс өңірінде емес, мемлекет деңгейінде ерекше мәртебеге ие болды.
Massaget.kz
Қандай іс-шаралар өтеді?
Алматыда Көрісу күніне орай 14 наурызда сағат 12:00-де Көктөбеде мерекелік концерт жоспарланған.
Концертке Айгүл Қосанова, Мәдина Сәдуақасова, "Алатау серілері" тобы, КешYOU, Made in KZ, "Тұмар" тобы, Алатау дәстүрлі өнер театрының әртістері, "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі өнерпаздары қатысады.
Айта кетейік, 14 наурыз сағат 10:00-15:00 аралығында Көктөбеге апаратын аспалы жол (Достық даңғылы, 104Б) тегін қызмет көрсетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова