- Негізгі бет
- LifeStyle
- "115-120 миллион долларға...
"115-120 миллион долларға барды". Кәсіпкер Сырымбек Тау табысы туралы айтып берді
Кәсіпкер Сырымбек Тау "Динамен дұрыс" бағдарламасында табысы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен ақшамен өлшемеймін. 12 компанияда акционермін. Мен қызғаншақ адам емеспін, сондықтан көп бөлісемін. 12 компаниямда 54 акционер бар. Ол - бөлісу. Мен біреудің дүниесін қызғануды жек көремін. Екіншіден, барлық айналымды қосып санасақ, 2021 жылы 115-120 миллион долларға барды. Таза пайданы қазір айта алмаймын. Шынымды айтсам, дивидент алмаймын, реинвестиция жасап жатырмын. Дивидент алып, шотта ақшаң көбейсе, бизнесмен емессің. Уақыты мен ақшасы көп адам кәсіпкер емес. Уақытты өркендеуге, ақшаны дамуға жұмсау керек", - дейді ол.
Кәсіпкер Сырымбек Тау бұдан бірнеше ай бұрын болған Айсара Бисенованың ісіне қатысты сұраққа жауап берді.
"Батырбек есімді жақын досым өмірден өтті. Батыр 2003 жылы алғаш Қазақстанға келгенде қол ұшын созған алғашқы азамат. Оның көмегі көп тиді. Біз 11 елдің 47 қаласында сапарлас болдық. Біз бір-бірімізді жақсы таныдық. Екі баланың барын кейінгі 2 жылда ғана білдім. Ол балаларын достарынан жасырды. 2017 жылы компанияда ребрендинг болды. Батырбек 40 пайыз акция алды", - дейді кәсіпкер.
Айсараның айтуынша, күйеуі өмірден өткенде әкесінің үлесі балаларына өтуі керек еді. Алайда Сырымбек Тау Батырбектің үлесін бергісі келмеген.
"Марқұм бір құрылыс сатып алмақ болады. Менде Қазақстан азаматтығы болмады. Ол нотариустен "Сырымбектен қарызға ақша алдым" деп жаздырып алды. Өйткені мемлекетке жауап беруі керек қой. Ағасы біледі. Мен жаназаға қатыса алмадым, шетелде болдым. Оның қарызын кешірдім, алған жоқпын. Арамызда сот болмады. Қазір бәрі шешілді. Жетімді жылатпадым", - дейді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек