"20 жаста сияқтымын". Баян Мақсатқызы босанғаннан кейінгі сезімі туралы айтты

Жақында ғана үшінші қызын өмірге әкелген танымал продюсер Баян Мақсатқызы босанғаннан кейінгі сезімін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Көптен бері екі түн қатарынан ұйықтамаған едім. Әрине, біртүрлі сезімдер болып жатыр. Жасым қайта 20-да сияқты. Бәрі енді басталып жатқандай", - деп жазды Баян Мақсатқызы. 

Босанғаннан кейін әлеуметтік желідегі парақшасының статистикасы өсіп кеткенін байқаған ол "енді аналар блогын жүргізу керек болды" деп жазды желіде. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!