"Бағасы - 40 миллион теңге". Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа қандай көлік сыйлады?

"Бағасы - 40 миллион теңге". Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа қандай көлік сыйлады?
Фото: Болат Айтмолда

Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа әуежайда су жаңа көлік сыйланды. Massaget.kz тілшісі бұл көлік жайлы ақпарат жинап көрді.

Бүгін Париж олимпиадасында ел намысын қорғап, Қазақстан қоржынына қола түсірген Ғұсман Қырғызбаев елге оралды. Оны қазақстандықтар Алматы әуежайында қарсы алды. Онда дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа Алматы қаласы дзюдо федерациясының вице-президенттері Али Хамхоев пен Ержан Зайдинов көлік сыйлады.


Болат Айтмолда

Көліктің маркасы - Toyota Land Cruiser Prado 250. Сыйлық қызыл лентамен оралған. 

Жалпы Land Cruiser 72 жыл бұрын - 1951 жылы Toyota BJ деген атаумен пайда болған. 

"Prado" сөзі испан тілінен шыққан және "далашық, шалғын, тау етегі ранчосы" деп аударылады. Бүгінгі таңда конвейерде жол талғамайтын көліктің төрт буыны бар, оны қазіргі заманғы автомобиль нарығының ұзақ өмір сүрушісі деп санауға болады, өйткені оның дебюті 2009 жылы өтті. Содан бері модель екі маңызды рестайлингке ие болды, олардың соңғысы 2017 жылы болды. Ал 2024 жылы жаңа буын моделі пайда болды.

Toyota Land Cruiser Prado да Land Cruiser 300 сияқты Toyota Guf платформасының негізінде жасалған.

Қазақстанда жаңа Land Cruiser Prado екі бензин қозғалтқышымен ұсынылған. Олардың бірі - су жаңа 2,4 литрлік және турбо қуат блогы 279 а.к. Ол салмағы 2,5 тоннаға дейінгі тіркемені сүйреп апара алады.

Сондай-ақ, үнемді нұсқа - 2,7 литрлік, қуаты 163 а. к. және салмағы 1,5 тоннаға дейінгі тіркемені сүйреуге мүмкіндік беретін түрі де бар.

Көліктің жалпы ұзындығы - 4920 мм, ені - 1665 мм, биіктігі - 1870 мм, ал дөңгелек базасының ұзындығы - 2850 мм. Оның 5 немесе 7 орындық түрі бар.

Жаңа Land Cruiser Prado Қазақстанда 2024 жылы ғана сатылып бастаған. Оның Қазақстандағы бағасы 30 миллион теңгеден басталып 40 миллион теңгеге дейін барады. 

Ғұсман Қырғызбаев әуежайдан үйіне отбасымен бірге су жаңа көлікпен қайтты.

Еске салайық, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Спорттық гимнастикада Нариман Құрбанов тарихи күміс жүлдеге қол жеткізді. Жалпыкомандалық есепте 29-орында тұр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова