Bubble Tea: сәнге айналған қытай шайы неден дайындалады?

Bubble Tea: сәнге айналған қытай шайы неден дайындалады?
Фото: ru.freepik.com

Бұл сусын Тайвань елінде 80-жылдары пайда болған. Алайда ол қазір қайтадан танымалдылыққа ие. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Бұл сусынның ерекшелігі неде және ол неден дайындалады?

Bubble-шайды неден дайындайды?

Bubble-шайды әдетте қара және көк шайдан дайындайды. Оған дәм сыйлау үшін шәрбаттар, сүт өнімдері, өсімдік сығындыларын қосады. Алайда оның ең басты ерекшелігі - өлшемі 10-15 миллиметрге дейінгі түрлі түсті кішкене шарлар. Оның текстурасы сағызға ұқсайды. Бұл шарларды тапиока жармасынан жасайды. Ол - маниока тамырынан алынатын крахмал. Мұндай крахмал аспаздықта пудингтер мен қою тұздықтар жасауға қолданылады. Мұндай сусынды адамның таңдауына қарай суық та, жылы да күйінде ұсынады.

ru.freepik.com

Bubble-шай пайдалы ма?

Бұл шайдың калориясы көп: әдетте бір порцияда 300-500 ккал болады. Сондықтан оның көмегімен шөлді қандыра алмайсыз. Шайдағы шарлар да бос калориядан тұрады, оларда қоректік заттар жоқ. Сол үшін оларды жиі жесе, семіздік, қант диабеті, тісжегі және асқазан-ішек жолы жұмысының бұзылу қаупі артады.

Дәрігерлер мұндай сусынды 2 жасқа дейінгі балаларға мүлдем бермеуге, ал одан үлкен балаларға жиі бермеуге кеңес береді.

Мұндай сусын негізінен көк және қара шайдан тұратындықтан, ол ересектерге айтарлықтай зиян бола қоймайды. Бастысы, шаманы білу керек. Сапалы көк шай мен қара шай ағзаға антиоксидант ретінде әсер етеді. Шай ми, қан тамырлар жүйесі, жүрек жұмысына пайдалы. 

Бірақ қантты жеуге тыйым салатын диагнозы бар, артық салмаққа бейімділігі бар және қант диабетімен қиналатын адамдарға Bubble-шайды ішпеген дұрыс.

Оқи отырыңыз: Матча шайы шынымен де арықтауға көмектесе ме? Қазақстандық дәрігер жауап берді

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова