- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Түнімен ұйықтай алмадым"....
"Түнімен ұйықтай алмадым". Белгілі депутат Олимпиадада бағы жанбаған Абиба Әбужақыноваға сыйақы беретін болды
Парламенті Мәжілісінің депутаты, Республика партиясының төрағасы Айдарбек Хожаназаров Олимпиадада жеңіліс тапқан Абиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшының көз жасы күллі қазақ жұртына әсер етті.
"Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп - Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл - тектіліктің белгісі. Бұл - үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Қанеки, жалғастырайық, Қазақтың жігіттері!" - деп жазды депутат.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақ дзюдошысы Абиба Әбужақынова шынайы алғысын білдірді.
"Рақмет, аға", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Абиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының қола жүлдесіне қол жеткізе алмағаны хабарланды. Отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде швед қызы Тара Бабулфазға жол берді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова