"Ешқайсыңызға бермесін!" Әнші Арман Қоңыр тыңдармандарына өтініш айтты

Танымал қазақстандық әнші Арман Қоңыр жақында тыңдармандары мен әлеуметтік желідегі оқырмандарына үлкен өтініш айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ассалаумағалейкум Құрметті Қазақ елі, құрметті бауырлар! Сіздерге үлкен өтінішпен шығып отырмыз. Айсапар қарындасымыз қазір қиындықпен сыналып жатыр екен. Сол сынақтан өтуіне сіз болып біз болып көмектесіп, қол ұшын созып жіберсек деген ниеттеміз. Дертті беруші Алла, шипасында беруші Алла! Біз соған себепкер болып қолдан келгенше көмектесіп, дұға жасап барынша атсалысайық! Бұндай сынақты ешқайсыңызға бермесін! Тым болмағанда осы видеоны таратып көпшіліктің көруіне себепкер болуыңызды өтінемін!", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Әншінің айтуынша, Айсапар Әбдірахман есімді науқастың бүйрегін ауыстыру керек екен. Ал бұл операция шетелде жасалатындықтан және ақылы болғандықтан халықтың көмегіне мұқтаж көрінеді. Операция үшін қажетті сома 50 миллион теңге екен.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!