"Әкем үйге күшік деп ойлап қасқыр алып келген". Қазақстандық қыздың оқиғасы көпшілікті таңғалдырды

Арайлым Төребекова TikTok-қа әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырған видео жүктеді. Оның айтуынша, әкесі үйге күшік алып келген. Алайда кейін оның нағыз қасқыр екені анықталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео екі мыңнан аса пікір жинады. Әлеуметтік желі қолданушыларының көбісі автордан қасқырды не істегенін сұраған.

@araikint

Я и не заметила, что тт звук изменил

♬ оригинальный звук - Хаски

Арайлым Төребекова Tengri Life-ке оның ата-анасы Алматыда жеке үйде тұратынын және әкесі күшікті үйге жақын алаңнан тапқанын айтып берді.

"2020 жылы бір күні әкем әдеттегідей далада иттермен серуендеп жүргенде бір күшік тауып алды. Алайда оның иттің күшігі емес екені бірден білінді. Интернеттен қасқырлардың күшіктерінің суреттерін қарадық. Оның нағыз қасқырдың баласы екенін түсіндік. Уайымдап кеттік. Бұл жыртқыш болашақта біреуге шабуыл жасауы мүмкін. Алайда интернеттен біздікіне ұқсас жағдайлар жайлы оқыдық. Кей адамдар үй жануарларымен бірге қасқырды да баққан. Содан бері ол бізге сеніп, өзін қарапайым ит санап, бізбен және басқа иттермен бірге тұрды", - деді ол.

Отбасы оны "Дос" деп атаған. 

"Дос бізді өзінің ұясы, ал әкемді басшысы санады. Ол қарапайым иттерге қарағанда ірі және күштірек болса да, бізбен басқа иттер сияқты мейіріммен ойнады. Ол иіс сезуімен, мінезімен және тәбетімен ерекшеленді. Танымайтын адамдар келсе, ағаштардың артына тығылып қарап тұратын. Оның өзін-өзі қорғау түйсігі оянатын. Алайда ол ешқашан ешкімге тиіскен емес. Бірақ көршілер одан қорқып, біздің үстімізден өтініш жазды. Әкем айыппұл төледі, ал қасқырды зообаққа алып кетті. Біз оған барып, тамақ беріп, ойнап келіп жүргенімізге 2 жыл болды", - дейді Арайлым Төребекова.

видеодан кадр

Отбасы қасқырды бостандыққа жіберуді ойлаған. 

"Әрине, оны бостандыққа жібергіміз келді. Алайда ол қолға үйренген, жабайы табиғатта аман қалуы екіталай еді. Оны аңшылар атып кетуі де мүмкін, себебі ол адамдардан қашпайды. Ал зообақта біз оған барып тұра аламыз, оның көршілері бар. Оны зообаққа алып кеткеніне 3 жыл болды", - дейді Арайлым. 

Алматыдағы зообақтың баспасөз қызметі қасқырдың оларда екенін және оның аман екенін растады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!