"Толқынды көрсем жылағым келеді". Төреғали Төреәлі әйелінің туған күніне бағалы сыйлық жасады

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әйелі Толқынның туған күніне ерекше бағалы сыйлық жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Көлік мінгіздік кезінде келінімізге. Енді туған күніне әрі Төреахметімізді дүниеге әкелгені үшін деп Төреш үшеуміз барып сыйлық алдық. Мен таңдадым, енді келінім ұната ма, ұнатпай ма білмеймін. Көрейік енді" ,- деген Төреғали Төреәлінің анасы келіні Толқынға Cartier білезігін сыйға тартты. 

Видеодан Толқынның шын жүректен қуанып күйеуі мен енесін құшақтап алғыс айтып жатқанын көруге болады. 

Енесі де келінін құшақтап "дүние тозса да, өзің тозба" деген тілегі желідегі оқырмандардың жүрегін жылытқанын пікірлерден де байқауға болады. 

"Келіні де, енесі де керемет жандар. Ене мен келін деген осындай-ақ болсын", "Толқынды көрсем жылағым келеді. Сондай таза көңіл, Адал ниетті қыз!" деген пікірлерден оқырмандардың әншінің жаңалықтарын жылы қаыблдап жатқаны аңғарылады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз