"Диагнозы туралы үйленбей тұрып білдім" - Елдос "Колобоктың" жұбайы балалы болуға қатысты

Асаба, әзілкеш Колобок лақап атымен танылған Елдос Кәдірхановтың әйелі Таңшолпан Шотаева "Әсембике" жобасына берген сұхбатында оқырмандарын алаңдатқан сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогердің әйелі күйеуіне "балалы бола алмайтыны" туралы диагноз жас кезінде қойылғанын жеткізді.  

"Елдостың диагнозы туралы үйленбей тұрып та білдім. Оған кішкентай кезінде операцияны дұрыс жасамаған, салдарынан соңы осындай диагнозға әкеп соқтырды. Елдос диагнозы туралы білген кезінде мен жоқ едім, бірақ үйленгеннен кейін дәрігерлерге барып, Түркияға барып, емделді, қайта-қайта операция жасалды. Әр ота жасалған сайын екеуміз қатты стресске түсетінбіз, бірге жылап, бір-бірімізді жұбататынбыз. Осы уақытқа дейін екеуміз бір-бірімізге қолдау көрсетіп келе жатырмыз", - деді ол.

Таңшолпан Шотаева бала асырап алу тақырыбы да көтерілгенін жасырмады. 

"Диагноз туралы білгенімде "қазір ЭКҰ деген бар ғой, емделмейтін ауру жоқ, медицина дамыған, болады" деп айтатынмын. Бұған байыппен қараған жоқпын. Енді ол кезде мен тұрмыс құрмағанмын, білмеймін. Әлі де үміттенемін. Арада "болмай бара жатса, асырап аламыз" деген әңгіме де болды. Бірақ мен бала асырап алуға әлі дайын емеспін. Себебі, мен ол баланы аламын, сосын мен оны жақсы көрмей қалсам ше? Оған қарағым келмей қалса ше? Осындай болып қаламын ба деп қорқамын. Ол не дегенімен аманат қой, біреудің баласы, ол ұнамай қалса, дүкенге апарып қайта өткізіп тастайтын зат емес. Ол - адам. Мен осыдан қатты қорқып жүрмін, сондықтан Елдосқа "әзірге дайын емеспін" деп айттым", - деді ол. 

Тағы ба оқи отырыңыздар: Балаға ыстық түсіретін дәріні неше рет беруге болады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!