"Апарып тастайтын Қайрат та жоқ". Төреғали Төреәлі көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді

Танымал әнші Төреғали Төреәлі жүргізуші куәлігіне қатысты көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесіне оқырмандары "жүргізуші куәлігіңді берді ме?" деп сұрақ қойған.

 Әнші бұл сұраққа жаңа видеосымен жауап берді.

"Мен қазір жаяу Төрешпін", - деп жазған ол.

Желі қолданушылары әншінің жаңа жазбасына түрлі пікір қалдырған.

"Бастысы тыныш жүрші", "Жаяу Мұса", "Апарып тастайтын Қайрат та жоқ", "Ер жігіттің басынан не өтпейді дейсің Төреш-ау, отбасың аман болсын, қалғаны бекер-ақ", "Петиция ашайық, жаяу Төреш атағын алмай-ақ, куәлігін берсінші", "Бас аман болса, 7 жыл зулай өтеді", "Мәә, сонда полиция туралы ән айтқанға "жүргізуші куәлігін берді" деп ойлап жүр ме адамдар?" - деп жазды олар.

Тағы да оқи отырыңыздар: Тырнақ тістеу әдетін қалай қоюға болады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз