Полицияға бағынбаған: Қонаевта әнші Әбдіжаппар Әлқожа ұсталды

Полицияға бағынбаған: Қонаевта әнші Әбдіжаппар Әлқожа ұсталды
Фото: instagram.com/abdizhappar_alkozha

Қонаевта танымал қазақстандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде қазақстандық әнші Әбжаппар Әлқожа Қонаевта полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

Алматы облысының Полиция департаменті толық мәлімет берді. Оқиға 6 шілдеде полиция қызметкерлері Toyota Camry көлігін тоқтатқан кезде болған. Тексеру кезінде олар көліктің жүргізушісі, көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, тізгінде отырғанын анықтады.
 
Әбдіжаппар Әлқожаның өзі жолаушы ретінде басқа KIA Carnival көлігінде отырған. Сол сәтте ол полиция қызметкерлеріне қысым көрсетіп, құқық бұзушыны рәсімдеуге кедергі жасағаны айтылды. Бұл ретте, полиция мәліметінше, әнші мас күйде болған.

"Алайда, автокөлікті айыппұл тұрағына жеткізген кезде KIA Carnival автокөлігі келді, оның жолаушысы, азамат М. полиция қызметкерлеріне қысым көрсетіп, құқық бұзушыны ресімдеуге кедергі жасай бастады. Заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде құқық бұзушы полиция қызметкерлеріне бағынбады. Ер адам медициналық куәландыруға жеткізілді, оның нәтижелері алкогольдік масаңдықтың "орташа" дәрежесін көрсетті", - деді Алматы облысы ПД өкілдері.

Нәтижесінде көлік құралын, көлік жүргізу құқығы болмағына қарамастан тізгіндеген Toyota Camry жүргізушісі 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сот шешімі бойынша KIA Carnival жолаушысы, әнші Әбдіжаппар Әлқожа құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан