"Үш бөлмелі пәтер". Мерей Абилованың бір күндік образы қанша тұрады?

"Үш бөлмелі пәтер". Мерей Абилованың бір күндік образы қанша тұрады?
Фото: instagram.com/abilovva_m

Жансая Махабаева есімді блогер Мерей Абилованың бір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мерей Абилованың мына образы қанша тұрады деп ойлайсың? Sandro брендінің көйлегі - 210 000 теңге, Hermes Оran-ның аяқ киімі - 300 000 теңге, ал Louis Vuitto брендінің көзілдірігі - 250 000 теңге. Өте әдемі Lady Dior сөмкесі 2 750 000 теңге. Ал жолдасы Димаш алып берген су жаңа сыйлығы - Hermes Birkin сөмкесінің шамамен нарықтағы бағасы - 14 000 000 теңге.

Әшекейлеріне көшейік. Білезігі Cartier Love коллекциясынан гауһар тастарымен - 5 250 000 теңге. Келесі білезігі де Cartier брендінен - 490 000 мың теңге. Van Cleef брендінің Alhambra топтамасындағы білезік - 2 500 000 теңге, Bulgari брендінің Serpenti топтамасының білезігі - 3 650 000 теңге, Messika білезігі - 1 790 000 теңге. Сақиналары Cartier Love коллекциясынан - 1 070 000, ал гауһар тасы бар мына сақина - 10 000 000 теңге. Мына сырғасы гауһар тастармен шамамен 2 500 000 теңге. Ал сағаты Hublot брендінен - 5 900 000 теңге.

Сонымен барлығы - 50 660 000 теңге", - деді блогер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhansaya Makhabayeva (@zhansaya_ae)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова