Жазға дайынсыз ба? Дәрігер арықтауға арналған тиімді әдісті атады

Дене сымбаттылығын сақтауға тамақтану әдеттері көмектеседі. Қатаң диеталар тек уақытша нәтиже береді және денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Алайда арықтауға және денсаулықты қатайтуға көмектесетін әдістер бар. Солардың бірі жайлы дәрігер Майкл Мосли айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Daily Mail"-ге сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, 30 жастан кейін адам ештеңе істемесе, әр он жыл сайын 5%-ға дейін бұлшықет массасын жоғалтады. Сол үшін дене әлсіз және болбыр болып кетеді.

Оның алдын алуға физикалық жаттығулар көмектеседі. Сондай-ақ сымбатты және күшті дене болу үшін мәзірде ақуыз жеткілікті болуы керек.

Ғалымдар не дейді?

Дәрігерлер әдетте 19 жастан асқан әйелдерге күніне - 45 г, еркектерге 55 г ақуыз қажет деп санайды. Алайда Майкл Мосли бұл мөлшер денсаулық үшін өте аз дейді. Бұл әсіресе 60 жастан асқан адамдарға қатысты. Көптеген зерттеулер бұл теорияны қолдайды.

Мысалы Тайвань ғалымдарының айтуынша, егер 45-55 г ақуыздан көп жесеңіз, сіз ішіңізді арықтатасыз, бұлшықеттеріңізді өсіресіз және қандағы холестерин деңгейін төмендете аласыз.

Зерттеу барысында 60-тан асқан 98 адам (олардың көпшілігі әйелдер) екі топқа бөлінеді. Бір топтағылар мәзірін өзгертті: ғалымдар олардың диетасына 30 г ақуызы бар күнделікті сорпаны қосуды ұсынды. Зерттеуге қатысушылар тұтынатын ақуыз мөлшері орташа есеппен күніне 90 г-ға дейін өсті.

Сонымен қатар, олар күніне тоғыз минуттай салмақпен жасалатын жаттығуларды орындады және үш ай бойы осы жаңа режимді сақтады.

Нәтижесінде, тәжірибе барысында еріктілер белдерін 2 см-ге азайтып, күштерін, жүру жылдамдығын арттырып, "жаман" холестерин деңгейін төмендеткен.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Ақуыз салмақ жоғалтуға көмектеседі, өйткені ол ұзаққа дейін тоқтық сезімін сақтайды. Сонымен қатар, сіз ақуызды көп жесеңіз, майларға және жылдам көмірсуларға бай тағамдарды аз жейтін боласыз, бұл денсаулыққа жағымды әсер етеді.

Ақуызды қалай көбірек жеуге болады?

Мәзірдегі ақуызды көбейтудің қандай жолдары бар? Бірнеше пайдалы лайфхак:

  • Доктор Мосли таңды екі жұмыртқадан бастауды әдетке айналдыруға кеңес берді. Оны қандай күйде жейтініңіз маңызды емес. Мұндай таңғы ас сізге шамамен 14 г ақуыз береді. Егер аздап албырт немесе бекон қоссаңыз, онда бір тамақтанғанда 30 г-ға дейін ақуыз аласыз.
  • Таңғы астың тағы бір түрі - жаңғақ қосылған грек йогурты. 200 г жаңғақ сізге 25 г ақуыз береді. Сонымен қатар, мұндай таңғы ас сізге түскі асқа дейін тоқ жүруге көмектеседі.
  • Түскі ас кезінде сізді ақуызбен ет немесе балық қанықтыра алады. Оның қажет порциясын алақанмен анықтай аласыз: ол шамамен 30 г ақуыз бере алады. 
  • Егер ет немесе балық жемейтін болсаңыз, ақуызды үрмебұршақ және жасымықтан ала аласыз. 200 г суға піскен жасымықта шамамен 20 г ақуыз бар.
  • Егер рационнан ақуыздың жеткілікті мөлшерін алу қиынға соқса, протеинді батончиктер жеуге немесе протеинді сусындар ішуге болады.

Оқи отырыңыз: Ақуызы мол өнімдер

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз