Бауырды сақтау үшін жеу керек 7 өнім

Бауырды сақтау үшін жеу керек 7 өнім
Фото: pixabay.com

Бауырдың қалыпты жұмысын сақтау - созылмалы ауруы бар адамдарды жиі мазалайтын сұрақ. Ағзада бауыр уытты қосылыстарды залалсыздандырады және холестерин бөліп, оның артығын сыртқа шығарады. Ендеше, біздің ағзамыздағы ең маңызды органдардың біріне көмектесу үшін рационға қандай өнімдер қосқан дұрыс? Бұл жайлы дәрігер Ольга Бокерия айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Doctorpiter-ге сілтеме жасап.

"Бауыр құнарлы заттарды ыдыратады, ақуыздар, липидтер, көмірсулар, биологиялық белсенді заттар және аминқышқылдардың алмасу процестерін қамтамасыз етеді, - дейді кардиолог. - Бауыр көмірсулар, ақуыздар, майлар, гормондар, дәрумендер, минералды заттар, темір, A, D, K, B 12 дәрумендерін және фолий қышқылын қорға жинайды. Стероидты гормондарды, билирубинді, дәрілік заттарды, алкогольді және тағы басқаларды биохимиялық өңдейді".

Бауырды сақтау үшін белсенді жеу керек 7 өнім:

  1. Барлық шаршыгүлді көкөністер. Оған қырыққабаттың барлық түрі, салаттар, руккола, асжапырақ, ақжелкек (хрен), шалғам, шомыр, шалқан жатады.
  2. Жұмыртқа. Онда холестеринді реттейтін ақуыз бен холин көп.
  3. Кез келген өскін. Бұл еккеннен кейін 7-10-шы күні кесіп алатын өсінділер. Бұл тек бидай, сұлы, қарақұмық, бұршақ қана емес, сонымен қатар жас пияз, қымыздық, насыбайгүл, аскөк, қызылша жапырақтары болуы мүмкін.
  4. Қызылша. Бұл көкөніс қабынуды басады және өт шығуын жақсартады.
  5. Сарымсақ.
  6. Майлы балықтың барлық түрі. Ол албырт, скумбрия, майшабақ болуы мүмкін.
  7. Лимон. Цитрустылар қабынуды басады және бауырдағы майды кетіреді.

Оқи отырыңыз: "Ауыздан жағымсыз иіс шығу". Бауыр қызметінің бұзылғанын қайдан білеміз?

А. Жапатова